top of page

Жобасы туралы

   Ерікті - өз еркімен ақысыз пайдалы қоғамдық қызметпен айналысатын адам.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды.

    Әл-Фараби атындағы "Оқушылар сарайы" МКҚК 1 маусымнан бастап "МЫҢ ЖАСА" еріктілер мектеп қозғалысын іске қосты (онлайн-демалыс). "Мың жаса" қозғалысы – оқушылардың әлеуметтік жобалар бойынша тәжірибе алмасуы, әр оқушының жетістігі мен маңыздылығына жағдай жасау. Бақытты болуға ұмтылу – қоғамға пайдалы болу. "Мың жаса" қозғалысының атауы символдық және көп мағыналы.Ертеде жастарға тілек ретінде "МЫҢ ЖАСА!" деп айтқан, бұл мейірімді істерін көп болсын деген мағынаны білдірді!

    "Мың жаса" – оқушылардың алға қойған міндеттерін біріктіру. Жоба оқушылар арасындағы өзара түсіністікке, зияткерлік, физикалық және моральдық дамуға, оқушылардың бойында патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

     Мектеп қозғалысының мақсаты: Толеранттылық пен ел бірлігінің рухы негізінде барлық мектептерде «Мың жаса» еріктілер қозғалысын ұйымдастыру, барлық оқушылардың қоғам игілігі үшін жасаған игі істерінің - «бітпес» -  шексіз тізбегі.

   «Мың жаса» еріктілер қозғалысы оқушыларға игі өзгерістерде көмек көрсетуге, өзін-өзі сыйлау және айналасындағыларды сыйлау сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Мектеп қозғалысының міндеттері: Еріктілер қозғалысының таралуына және оқушылардың әлеуметтік маңызы бар акциялар мен жобаларға қатысу белсенділігін арттыру үшін оңтайлы жағдай жасау. "Мың жаса" еріктілер мектебі арқылы еріктілік қызметін үйрету. Еріктілік жұмыс дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыстың заманауи, тиімді әдістерін қолдану. "Мың жаса" - жобаға қатысушы оқушылардың бастамаларын дамыту және қолдау, пікірталас, өзін таныстыру, өз идеяларын, тіпті қаланың дамуы сияқты әр түрлі бағыттар бойынша идеяларын ұсыну орны.

   Күтілетін нәтижелер - дайындалған еріктілер санын көбейту. Еріктілік қызмет саласында жұмыс істейтін ұйымдармен ақпараттық өзара әрекеттестікті жүзеге асыру. Ерікті болғысы келетіндерге қолдануға дайын басшылық, жеке ақпараттық-әдістемелік құралды дайындау арқылы "Мың жаса" еріктілер мектебінің жұмысы нәтижесінде алынған тәжірибені тарату.

Кері байланыс сауалнамасы

Еріктілерге сауалнаманы не үшін толтыру керек? Ерікті болып, көмек жолын таңдаған адамның өзінің уәждемесін, еріктілік жолына қандай мақсатпен баратынын тағы да түсінуі үшін қажет. Бізге қосылыңыз! Сауалнаманы толтырып, 1000.zhasa@bk.ru электронды поштасына жіберіңіз
IMG-20200601-WA0011.jpg
bottom of page